Ақмола облысында полиция қызметкері заңсыз қабан атқан

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақмола облысындағы қорықта полиция қызметкері заңсыз аң аулап жүр, деп хабарлайды ҚР АШМ-ның баспасөз қызметі.

30 қарашада рейд шаралары барысында «Бұланды Мекен» ЖШС қорықшы қызметі «Элен» ауыл шаруашылығының Ақмола облысы Ұлтуған ауылы аумағы арасында автокөліктің жарығын байқаған.

Осы автокөліктің ізіне түсу мақсатында қорықшы қызметкерлері көліктің жарығын жақпай сәулесі байқалған жаққа қарай беттейді. Жақындаған кезде қорықшы қызметкерлер автөкөлікті тоқтатты. Осы кезде автөкөліктің жолаушылар орнынан форма киген полиция қызметкері шығып, қорықшы қызметкердің автокөлігін тоқтатуға әрекет еткен.

Қорықшы қызметкерлер аң аулау шаруашылығының аумағында полиция қызметкері не мақсатпен жүргенін сұрастырған кезде, нақты жауап бере алмаған полиция қызметкері автокөлігіне отырып ізін суытты. Әрі қарай қорықшы қызметкерлер полиция көлігінің ізіне түсті. Із бойынша 50 метр жерде оқ тиген екі қабанның денесі табылды.

Осы факт бойынша 102 телефон нөміріне хабарланды. Бұланды ауданының ІІБ жедел-тергеу тобы, Ақмола мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасының қызметкерлері және Ақмола облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы инспекторлары келген соң заңсыз аң аулау жерін қайта тексеру нәтижесінде 12 калибрлі гильза, оқ тығын контейнері және артиллерия оғы табылды.

Аталмыш факт бойынша құжаттар Бұланды ауданының ІІБ жіберілді. Табиғатқа келтірілген залал сомасы 1 272 600 теңгені құрады.

Соңғы жаңалықтар