Ақмола облысында өрт 3 адамның өмірін қиып кетті

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында болған өрттен 3 адам көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аймақтық ТЖД баспасөз қызметінің дерегі бойынша, 15 ақпан күні Зеренді ауданының Ортақ ауылында жекеменшік үйден өрт шыққан.

«Тілсіз жауды ауыздықтауға  ТЖД жеке құрамынан 10 адам және 2 арнайы техника, кезекші жедел тергеу тобынан (КЖТТ) 4 қызметкері мен 1 техникасы тартылды.

Оқиа орнынан 1956 жылғы Р.Б. Даниярова және 1982 жылғы Е.К.Данияровтың денесі табылды. Алдын ала болжам бойынша өрт электр жылытқышын қолдану кезінде қауіпсіздік ережесін сақтамағаннан шыққан болуы ықтимал», - деп түсіндірді баспасөз қызметіндегілер.

Сонымен қатар, осы күні сағат 15.02 Көкшетау қаласындағы «Көкше Строй металл» серіктестігінің құрылыс вагоны өртке оранды. Оқиға орынан 1958 жылғы А.А. Смехновтың денесі табылды. Мұнда да электр жылытқышын қолдану кезінде өрт қауіпсіздігі ережесінің сақталмағаны анықталып отыр.

Соңғы жаңалықтар