Ақмола облысында «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша 4 млрд. теңгенің 16 жобасы жүзеге асырылуда

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында «Нұрлы жол» бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде құны 4 миллиард теңгенің 16 жобасы жүзеге асырылуда. Бұл туралы Ақмола облысына жұмыс сапарымен келген Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевқа облыс әкімі Сергей Кулагиннің өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы берген есебінде айтылды.

 «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасын жүзеге асыру бағытындағы жұмыс та қарқынды жүргізіліп, соның нәтижесінде шағын және орта бизнес субьектілерінің қатары арта түсуде. Жыл басынан бері ол  23 пайызға көбейген. «Нұрлы жол» бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде құны 4 миллиард теңгенің 16 жобасы жүзеге асырылуда. Бөлінген қаржы жыл соңына дейін толық игерілетін болады.  «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы шеңберінде  6,4 млрд. теңге қаржы бөлінсе, ол қаржы толық көлемде игерілді», - деп атап өтті облыс әкімі.

Сонымен қатар, аймақ басшысы аграрлы аймақтағы қазіргі маңызды науқан - егін орағының барысы жайында айтып өтті. Бүгінгі күнге дейін облыс шаруашылықтары  3,6 миллион гектардың астығын бастырған. Бұл барлық егіс алқабының 82 пайызы көлемінде. Орташа астық түсімі гектарынан 13 центнерден айналуда.

Соңғы жаңалықтар