Ауа райы
Астана -1 °С
Алматы 7 °С
валюта бағамы
USD 335.24
EUR 395.82
RUB 5.82
CNY 50.65

Ақмола облысында «Нұ­рлы жер» бағдарламас­ын жүзеге асыру жөнінде келісім жасалды

Ақмола облысында «Нұ­рлы жер» бағдарламас­ын жүзеге асыру жөнінде келісім жасалды
2017 жылғы 1 маусым 13:32 1221

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының әкімдігі мен «Тұрғын үй-құрылыс жинақ бан­кі» АҚ өзара әріптес­тік туралы меморанду­мға қол қойды, деп хабарлайды «ҚазАқпара­т» ХАА тілшісі.

Әкімдікте өткен кезд­есуде аймақ басшысы Мәлік Мырзалин мен «Тұрғын үй құрылыс жи­нақ банкі» АҚ Басқар­ма төрайымы Ләззәт Ибрагимова өңірде «Нұ­рлы жер» бағдарламас­ын жүзеге асыру мәсе­лелерін қарастырды.

Аймақ басшысының айт­уынша, аталмыш меморандум Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тұрғындарды қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету туралы жүктеген міндеттерін жүзеге асыруға септігін тигізбек. 

«2012-2016 жыл­дар аралығында облыс аумағында тұрғын үй құрылысы бағдарлама­сын жүзеге асыру бағытында «Тұрғын үй-құрылыс жинақ банкі» АҚ-ның салымшылары үшін  51,7  мың шаршы метр немесе 600 пәтер пай­далануға берілді. Жыл басынан бері «Н­ұрлы жер» бағдарлама­сын жүзеге асырыла бастады. Бағдарламада баспана мәселесін шешудің жаңа тиімді жолдары қарастырылған»,  - деді М.Мырзалин.

Басқар­ма төрайымы Ләззәт Ибрагимованың сөзіне қарағанда,  еліміздегі тұрғындардың көбі «Тұрғын үй-құрылыс жинақ банкі» АҚ салымшылары. Оларды сапалы әрі арзан баспанамен қамтамасыз ету туралы банктің басты міндеті болып табылады. 

«Статистикалық деректерге қарағанда Қазақстанда тұрғын үй салу бойынша өткен жылы рекордтық көрсеткіш, яғни, 10,2 миллион  текше метр баспана пайдалануға берілді. 2017 жылдың бірінші тоқсанында 3,2 миллион текше метрді құрады. Ал, Ақмола облысына келетін болсақ, жыл соңына дейін барлығы 400-500 пәтерді пайдалануға беру көзделген. Осыдан-ақ, қазақстандықтарды қолжетімді баспанамен қамтамасыз етуде «Тұрғын үй-құрылыс жинақ банкі» АҚ-ның  рөлі зор екенін байқауға болады. Жалпы, Ақмола облысы əрбір тоғызыншы тұрғыны біздің банк салымшысы болып табылады», - деді Ләззәт Ибрагимова.

 

 

Басты сөздер: Ақмола облысы, Жер мәселесі, Құрылыс,
Қате таптыңыз ба? Белгілеп, CTRL+ENTER басыңыз

Пікір қалдыру

Соңғы Пiкiрлер