Ақмола облысында мал ұрлығымен айналысқан қылмыстық топ ұсталды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында мал ұрлығын кәсіп еткен ұйымдасқан топ ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Полицейлердің дерегі бойынша, ұйымдасқан топтың мал ұрлаудың 14 оқиғасына қатысы бары анықталып, мал иелеріне 200 мың теңгеден 1,5 миллион теңгеге дейін шығын келтіргені анықталды.

«Күдіктілер «мал ұрлығы» жедел алдын алу шарасы барысында қолға түсті. Алты адамнан тұратын топ Бурабай және Біржан сал аудандары аумағында барымташылықпен айналысқаны әшкерленді. Күдіктелердің Көкшетау, Щучинск, Степняк қалалары және Аянбай аулының тұрғындары екені анықталды. Ұсталғандардың 3-уі бұрын сотты болған, біреуі Бурабай ауданындағы селолық округтің мал дәрігері.

Бір жыл бойы аталмыш аудандардың тұрғындарынан жайлымға жіберген малдарының жоғалғаны туралы арыз түскен. Мәселен, күдіктелер Бурабай ауданындағы Жасыл ауылының тұрғынының 6 жылқысын жайлымда жүрген жерінен қолды қылса, Степняк қаласының тұрғынының ауладағы 6 бұзауын алып кеткен. Жалпы, полицияға 14 адамнан арыз түсті. Барлық жоғалған малдың саны 50 бас, оның ішінде 14 жылқы, 36 ірі қара. Мал иелеріне 200 мың теңгеден 1,5 миллион теңгеге дейін көлемде шығын келтіріліп отыр. Қазіргі кезде, ұрланған малдың 36-ы иелеріне қайтарылды.

Сонымен қатар, күдіктелердің «Тойота Камри» және «Ауди - 80» көліктерімен жүргені анықталды», деп түсіндірді баспасөз қызметіндегілер.

Қазіргі кезде, күдіктілердің үстінен ҚР ҚК 188 бабының 3 бөлімі бойынша соталды іс қозғалып, осыған ұқсас өзге де қылмастарға қатысы бар-жоғы анықталуда.

Соңғы жаңалықтар