Ақмола облысында лапароскопия жолымен 7 ота жасалды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының Жарқайың аудандық ауруханасында ҚР Президентінің іс басқармасының медициналық орталығы ауруханасының бас дәрігері Серік Тоқпанов лапароскопиялық хирургия бойынша шеберлік сыныбын өтікізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

null

Қазіргі заманғы медициналық құралдармен жабдықталған ауруханада өткен отаны онлай режимде ондаған ақмолалық мамандар  тамашалады.  Қазіргі заманғы бейнекамера арқылы ішкі жақтағы бейнелер монитор экраны арқылы көрсетілді.

Жоғары білікті хирург Серік Тоқпанов ота кезіндегі барлық процестерді арнайы құрал арқылы көрсетіп, түсіндіріп отырды.

null 

Айта кетейік, аталмыш ауруханада осындай оталар жасайтын жоғары технологиялық медициналық құралдар бар.  Екі күн ішінде мамандар осы құралдармен лапароскопия жолымен 7 ота жасады. Мұндай ота ауданда тұңғыш рет жасалып отыр. Жарайың аудандық ауруханасы хирургия бөлімшесінің меңгерушісі Махамбет Досмұратов үшін бұл таптырмас тәжірибе. Махамбет 5 жыл бұрын ауданға «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша келген мамандардың бірі. Биылғы жылы ол ҚР Президентінің іс басқармасының медициналық орталығы ауруханасында «Абдоминалды хирургияда эндовидеохирургиялық араласу» циклі бойынша біліктілігін арттырып келді.

null 

Жас маман енді Жарқайың, Есіл және Жақсы аудандарынан келген науқастарға ота жасай алады.

null 

«Мұндай ота облыстық және қалалық деңгейдегі медициналық мекемелерде жүзеге асырылады. Бұл хирургиялық емдеудің тиімді жолы. Осындай оталарды өзіміде жасай алатынымыз біз үшін үлкен жетістік», - деді аурхананың бас дәрігері Госман Ахметбеков.

null  

Соңғы жаңалықтар