Ақмола облысында лаңкестік ұйымдармен байланысы бар үш тұрғын ұсталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақмола облысында лаңкестік ұйымдардың материалдарын әлеуметтік желіде таратқан 3 тұрғын ұсталы. Бұл туралы ҚР ҰҚК баспасөз қызметі хабарлайды.

«12 желтоқсанда ҰҚК жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижелері бойынша ішкі істер органдарының қатысуымен Ақмола облысы Степногорск қаласының 3 тұрғынын ұстады. Олар халықаралық террористік ұйымдардың үгіт-насихат материалдарын интернет арқылы әлеуметтік желілерде жүйелі түрде таратқан, сондай-ақ шетелдік содырларға жәрдем көрсеткен деген күдікке ілінді» деінген хабарламада.

Мәлімет бойынша, тергеу іс-шаралары терроризмді насихаттау және қаржыландыру фактілері бойынша қозғалған қылмыстық істер шеңберінде жүргізілуде.

 

Соңғы жаңалықтар