Ақмола облысында қызметтік автокөліктерге арнайы белгі салынуда

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында қызметтік автокөлікке айырықша белгілер орнатылуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері жəне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Ақмола облысы бойынша департаментінің жемқорлықты алдын алу басқармасы баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, ҚР Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығымен бекітілген, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексіне сәйкес, мемлекеттік қызметшілер мемлекеттік меншіктің сақталуын қамтамасыз етуге, өзіне сеніп тапсырылған мемлекеттік меншікті, автокөлік құралдарын қоса алғанда, ұтымды, тиімді және тек қызметтік мақсатта ғана пайдалануға тиіс.

Мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінің нормаларын сақтау мақсатында, Ақмола облысының жергілікті атқарушы органдарымен қызметтік автокөлік құралдарында айырықша белгілерді (жапсырмаларды) орналастыру бойынша жұмыс жүргізілуде.

null 

Көкшетау қаласы әкімі аппаратымен қызметтік автокөлікке сенім және Call Centr-дің телефондары көрсетіліп, арнайы танылатын белгілер (жапсырмалар) орналастырылды.

«Жұмыстан тыс уақытта қоғамдық орындарда қызметтік автокөлік тұрған фактісі анықталған жағдайда, азаматтар жапсырмада көрсетілген телефондар бойынша хабарласа алады. Бүгінде осы тапсырыс белсенді түрде басқа аудандармен орындалуда. Аталмыш шаралар мемлекеттік қызметшілермен қызметтік автокөлікті тиімсіз пайдалану фактілеріне жол бермейді», деп түсіндірді баспасөз қызметіндегілер.

null 

Соңғы жаңалықтар