Ақмола облысында қырғызстандық жүргізуші 2 адам өліміне себепкер болды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат- Ақмола облысында Қырғызстан Республикасының азаматы жол ережесін бұзып, 2 адам ажал құшты жəне біреуі зардап шекті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі жергілікті ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полицейлердің дерегі бойынша жол-көлік оқиғасы 21 наурызда Біржан сал ауданының Макинка ауылынан 10 шақырым жерде орын алған. Астанаға бағыт алған Қырғызстан Республикасының 43 жастағы азаматты тізгіндеген Daimler-Benz көлігі  көктайғақтың салдарынан жолдан тайып, жанында өтіп бара жатқан Mercedes-Benz көлігіне соғылған.

"Жол апатынан соңғы көліктің 28 жастағы жүргізушісі мен 61 жастағы жолаушысы алған дене жарақатынан Бұланды аудандық ауруханасында көз жұмды. Ал, 59 жастағы тағы бір жолаушы (опат болған жүргізушінің əкесі) түрлі дене жарақатымен аурухана жатқызылды", деп түсіндірді ІІД баспасөз хатшысы Гүлнəр Пинчук.

Қазіргі кезде, бірқатар сараптама тағайындалып, ҚР ҚК 345 бабы бойынша сотталды өндірістік іс қозғалды.

Фото: sibdepo.ru

Соңғы жаңалықтар