Ақмола облысында қайтыс болған қарттың өліміне қатысты тексеру жүргізілуде

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат-Ақмола облысының Целиноград ауданында жасы 61-дегі ер адамның мүрдесіне қатысы тексеріс жүргізілуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ІІД баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, 2018 жылдың 11 қаңтарында Целиноград ауданының ІІБ кезекшілік бөліміне Р.Қошқарбаев ауылынан 500 метр қашықтықта жергілікті 1957 жылы туған ер адамның мүрдесі жатқаны туралы ақпарат түскен.

Кейін белгілі болғандай ер адамның РЭС-те электрик болып жұмыс істегені анықталды. Ол 2018 жылдың 11 қаңтарында таңғы сағат 08:00-дер шамасында үйінен шығып қайтып оралмаған. Арада бірер сағат өткен соң, оның жансыз денесі табылды.

Тексеру кезінде оның денесінде күш қолданудың белгілері байқалмады. Есесіне 2013 жəне 2015 жылдары екі рет инсульт алғаны, 3 топтағы мүгедек екені анықталды. Сот-медициналық сараптаманың қорытындысы бойынша ер адамның суықта үсіп қалғаны анықталды.

Туыстарының арызы бойынша ер адамды қатты боран болып тұрғанда жұмысқа шақырған көрінеді. Қазіргі кезде, полицейлер осыған байланысты тексеріс жүргізуде.

Соңғы жаңалықтар