Ақмола облысында қарақшылықпен айналысқан күдікті ұсталды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында қарақшылықпен айналысты деген күдікпен 30 жастағы астаналық ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық ІІД баспасөз қызметінің мәліметі бойынша қазіргі кезде күдіктінің 7 қарақшылық қылмысқа қатысы бары анықталып отыр.

«Соңғы бірнеше ай бойы Целиноград ауданының ІІБ Астана қаласының тұрғындарынан қарақшылық шабуыл оқиғасы туралы туралы арыз түскен. Зардап шегушілердің сөзінше, бейтаныс ер адам күш көрсету арқылы қорқытып, ақша және ұялы телефондарын тартып алып отырған.

Күдікті ұстау мақсатында Целиноград ауданының ІІБ қызметкерлері жүргізген жедел іздестіру шарасы барысында бұрын сотты болған Астана қаласының 30 жастағы тұрғыны қолға түсті», деп көрсетілген хабарламада.

Полицейлердің айтуынша, күдікті Астана қаласында такси тоқтатып, Ильинка ауылына дейін жеткізіп беруін өтінеді. Кейін діттеген жеріне келген соң көлікті тоқтатып, жүргізушіні пышақпен қорқытады да жеке заттары мен ұялы телефонын алып ізін жалтыратады. Осылайша, күдіктінің 7 қарақшылық қылмысқа қатысы бары анықталып отыр.

Қазіргі кезде күдікті ұсталып, үстінен ҚР ҚК 192 бабының 2 бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды.  

Соңғы жаңалықтар