Ақмола облысында инвестициялық парк құрылуы мүмкін

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының әкімі Мәлік Мырзалин мен Dubai Investments Park басшылығы өңірде инвестициялық парк құру мәселесін талқылады. Бұл туралы аймақ басшысының кеңесшісі Марат Иғали Фейсбуктегі парақшасында жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

"Dubai Investments Park аумағы адамдар тұратын, өнеркәсіптік және қойма нысандары бар, 2 300 гектарды құрайды. Бұл жердің 95 пайызға жуығы жалға алушылардың иелігінде, олар EXPO-2020 халықаралық көрмесі өткізілетін аумаққа көрші орналасқандықтан мол табыс кенелуді жоспарлап отыр. Бұл индустриалды паркте 550 гектар жерді өнеркәсіп және сауда, инфрақұрылымдық саладағы кәсіпорындарды орналастыруға арналған дайын және қолайлы бөлмелер алып жатыр.

Дубайда салық төлеудің жоқтығы бизнестің дамуына он ықпал етуде. Сол себепті, кәсіпкерлер EXPO-2020 көрмесі кезінде пайдасы тиетін кеңсе, қойма және өнеркәсіптік нысандардың қажеттігін осы бастан ойластырып қойған", - деп түсіндірді М. Иғали.
null

Сонымен қатар, аймақ басшысының кеңесшісі Dubai Investments Park меншігінде өнеркәсіптік және коммерциялық нысандардан басқа тұрғын жай кварталдары бар екенін атап өтті. Осы саябақ аумағында 12 мыңнан астам тұрғын жайда 90 мың адам тұрады. Әр адам өзінің компаниясы үшін кеңсені осы маңнан табуына болады. Dubai Investments Park аумағындағы 1,8 миллион шаршы метр кеңес ғимараттарын салу үшін бөлінген. Оған қоса, бұл жерде Дубайда өз ісін ашу немесе кеңейтуге ниетті бизнесмендер мен инвесторлар үшін 5 отель орналасқан.

Соңғы жаңалықтар