Ақмола облысында есірткі саудалап жүрген зейнеткер ұсталды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының Шортанды ауданында ірі көлемде есірткі саудасымен айналысқан зейнеткер ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полицейлердің дерегі бойынша, 62 жастағы әйел 18-ші сәуір күні Дамса ауылында қолға түскен.

«ІІД Есірткі бизнесімен күрес қызметкерлері қарияның 2,4 грамм есірткі (героин) саудалағанын бірнеше апта бұрын анықтаған. Бұл ірі көлем болып саналады. Осыған байланысты қарияның үйін тінту кезінде екі тағы бума есірткі заты табылды. Қазіргі кезде тәркіленген зат сараптамаға жіберілді. Содан кейін ғана оның салмағы және есірткінің қай түріне жататыны анықталады», деп түсіндірді ІІД баспасөз хатшысы Гүлнәр Пинчук.

Қазіргі кезде, күдікті уақытша ұстау изоляторына тоғытылып, үстінен ҚР ҚК 297 бабының 1 бөлімі бойынша соталды өндірістік іс қозғалды.

Егер қарияның қылмысы дәлелденсе онда ол 5 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге сотталуы мүмкін.

Фото: gazeta-uzhnoe-tushino.info

Соңғы жаңалықтар