Ақмола облысында Ерейментау ауданы күні аталып өтті

None
None
КӨКШЕТАУ.ҚазАқпарат-Ақмола облысында Ерейментау ауданы күні аталып өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шара аясында аудандық Үмбетей жырау атындағы мәдениет үйінде ғылыми-практикалық конференция өтті. Оған арнайы келген Астана қаласындағы Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің бір топ ғалымдары және Астана, Алматы, Қарағанды, Көкшетау қалалары мен Павлодар, Қостанай, Оңтүстік Қазақстан облыстарының зиялы қауым өкілдері, ел азаматтары, өскелең ұрпақ жастар да қатысты. Аталмыш шара аясында «Қанжығалы» шежіре кітабының тұсаукесері болып өтті.

Салтанатты шарада аудан әкімі Ермек Нұғыманов Ерейментау ауданының құрметті азаматы, Еуразия Ұлттық университетінің кәсіподақ ұйымының төрағасы Талғатбек Жанайдарұлын мерейлі 70 жасқа толуымен шын жүректен құттықтап, қазақы дәстүрмен иығына шапан жауып, жүрекжарды тілегін білдірді.

Жиында Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі проректоры, Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясының академигі Дихан Қамзабекұлы, тарих ғылымдарының докторы, профессор Жамбыл Артықбаев, филология ғылымының докторы Серік Негимов, ғалым Әміржан Әлпейісов, филология ғылымдарының кандидаты, ғалым Қайырбек Кемеңгер сөз сөйледі.

Салтанатты шара соңында аудан әкімі Ермек Нұғыманов конференция жұмысына атсалысқан ғалымдар мен зиялы қауым өкілдеріне «Қанжығалы қарт Бөгенбай» медалі мен ескерткіш сыйлықтарды табыс етіп, қазақы дәстүрмен иықтарына шапан жапты.

Ғылыми-практикалық конференциядан бастау алған мерекелік шаралар аламан бәйге сынды ұлттық спорт ойындарымен жалғасын тапты.

Соңғы жаңалықтар