Ақмола облысында ер адамды пойыз қағып кетті

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында ер адам пойыздың астынан түсіп көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аймақтық ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқыс оқиға 2017 жылғы 4 ақпанында түнгі уақыт 02:50 шамасында Көкшетау бекетінде болған.

«1984 жылы туған ер адам темір жолды рұқсат етілмеген жерінен  кесіп өтпек болған. Осы кезде, № 1615 жүк пойызы қағып кетеді. Ер адам оқиға орнында көз жұмды», - деп түсіндірді баспасөз қызметіндегілер.

Қазіргі кезде, оқиғаның мəн-жайы анықталып жатыр.

Соңғы жаңалықтар