Ақмола облысында ер адам прокуратура қызметкері мен полицейді жаралады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақмола облысы Ақмол ауылында (Малиновка) ер адам прокуратура қызметкері мен полицейді жарақаттап, кейін өзін-өзі атып өлтірді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі Ақмола облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"20 шілде күні сағат 14.35-те "Фольксваген Пассат" көлігіне мінген белгісіз біреу Целиноград прокуратурасының әкімшілік ғимаратының маңында прокуратура жұмысшысы мен Целиноград аудандық ІІБ қызметкеріне оқ жаудырған. Қызметкер жұмыс бабымен сол маңда болған", - деп хабарлады ІІД өкілдері.

14.45-те жедел-іздестіру шараларының барысында көлік табылып, ондағы күдіктінің мәйіті анықталды. Ол өзінің  жүрек тұсынан атқан.

61 жастағы ер адамның қылмыстық іс бойынша сотталушы ретінде күдікке ілінгені анықталды. Ол сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі тергеп жатқан ақшалай қаражатты жымқыру дерегі бойынша күдікке ілінген.

Қазіргі таңда қару тәркіленіп, сараптамаға жолданды. Тергеу жүріп жатыр. Зардап шеккендердің жағдайы тұрақты, оларға уақтылы медициналық жәрдем көрсетілді. 

Соңғы жаңалықтар