Ақмола облысында ЭКСПО-да ұсынылған технологиялар енгізіледі

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат- Ақмола облысында 'ЭКСПО 2017" - Болашақтағы энергия" көрмесінде ұсынылған технологияларды енгізу жұмысы жүргізілуде.

 Бұл туралы Мемлекет басшысының "Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауы талқыланған облыс активінде Ақмола облысының əкімі Мəлік Мырзалин атап өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аймақ басшысының сөзінше, бұл - мемлекеттік жекешелік әріптестік аясындағы «Global Gas Group» компаниясымен және «Газпром Экспорт» ашық қоғамдық бірлестігімен бірге Ақмола облысын кешенді газдандыру жобасы, Ерейментау ауданындағы қуаты 100 МВт жел паркінің құрылысы («Цаmэк Creen Energy»). Сондай-ақ, лай суды тазалаудың заманауи технологиясын және оның химиялық дезинфекциясын, «Көкшетау Су Арнасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны ғимараттарында тікелей гидротурбинамен аз қысымды шағын гидроэлектр станциясы құрылымының инновациялық әзірлемесін жасау негізінде «жасыл» энергия өндірісін, «АРЭК» акционерлік қоғамының электр тарату жүйесінде «Smart Girds» компьютерлік бақылау технологиясын қолдану мүмкіндігі зерттелуде. Оған қоса, өнеркәсіп кәсіпорындарында энергия тиімділігін арттыру мақсатында жарық және жылу жүйесі жаңартылуда.

"ЭКСПО-2017 көрмесінде ұсынылған жобаларды есепке алып, баламалы энергетика саласында жобаларды іздестіру, «Жасыл технологияны» қолдану жұмысын жалғастыру қажет. Бүгінгі таңда тұрғын үй-коммуналдық және өнеркәсіп саласында бұл технологияларды қолдану белсенділігі байқалады. Қала мен аудан әкімдіктері алынатын ресурстардың үлесін,  сондай-ақ, энергия тиімділігін арттыруға, шағын және орта бизнес субъектілерін тартумен қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеуді көбейтуге мүмкіндік беретін ақпараттық-технологиялық шешімді енгізу бойынша шара қабылдауы қажет", -  деді аймақ басшысы өз сөзінде.

Соңғы жаңалықтар