Ақмола облысында екі адам тірідей өртеніп кетті

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат  - Ақмола облысының Зеренді ауданына қарасты  Құркөлде екі адам тірідей жанып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі аймақтық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полицейлердің дерегі бойынша, қайғылы оқиға 2 мамыр күні болған. Өрт Айдарлы ауылынан 4 шақырым жердегі Құркөл көліне жақын маңда орналасқан күзетші қосынынан шыққан. Ол балық шараушылығымен айналысатын кәсіпкерге тиесілі.

«Өртенген күзет қосынынан 63 жастағы күзетші мен 42 жастағы тағы бір ер адамның мәйіті табылды», - деп түсіндірді ІІД баспасөз қызметіндегілер.

Сарапшылар өрттің төсеніштен шыққанын анықтады.


Иллюстрациялық фото

Соңғы жаңалықтар