Ақмола облысында «Бурабай-2017» желкенді регатының жеңімпаздары анықталды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының Бурабай курортында «ЭКСПО-2017» көрмесі шеңберінде желкеңді «Бурабай-2017» регаты өтті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Шараға Щучье көлінің жағасында ашылған «BurabayMarineClub» яхт клубының мүшелері ұйытқы болған. Желкеңді регат жарысына еліміздегі және Ресейдің Омбы, Екатеринбург тәрізді қалаларынан келген тәжірибелі және жас яхташылар қатысып, күш сынасты. Қазақстанның намысын қорғағандардың арасында көкшетаулықтармен қатар 2012 жылы Хайкоу қаласында өткен Әлем чемпионатының жүлдегері, кайтсёрфингтен спорт шебері Александр Пархоменко мен 2015 жылы желкенді спорты бойынша Ресей Федерациясының чемпионы Сергей Воронов болды. Шараға Ақмола облыстық туризм басқармасының басшысы Шынарбек Батырханов қатысып, құттықтау сөз сөйледі.

Жарыс жеңімпаздары алты кезең бойынша анықталды. Нәтижесінде ең көп ұпай жинаған Ольга Шердакова бастаған екатеринбургтік «Спрей» командасы жеңімпаз атанса, жүлделі екінші орынға көкшетаулық Сергей Вороновтың «Очаг» командасы лайықты деп танылды. Ал, Александром Порхоменко бастаған тағы бір көкшетаулық «Блюз» командасы үшін орын алды.

Желкенді регат жарысы бард әнімен аяқталды. Оның ішінде жерлес суретші, туризм тақырыбындағы көптеген әндердің авторы Рашид Минниханов үздік бард атанды.

null

Соңғы жаңалықтар