Ақмола облысында браконьерлер буаз бұланды атып алған

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақмола облысында заңсыз бұлан аулағандар ұсталды, деп хабарлады ҚР АШМ-ның баспасөз қызметі.

«2016 жылы 23 қазанда күндізгі сағат 12-де Ақмола облысы Аршалы ауданының Болярка ауылынан солтүстікке қарай он шақырым жерде «Сапсан» аң аулау шаруашылығының қорықшы қызметкерлері Toyota Land Cruzer маркалы автокөлігі және ұрғашы бұланның етін мүшелеп отырған үш адамды тапты. Браконьердің жанында Browning маркалы қару болған, сонымен қатар, бұғының ұрғашысында болжамды екі эмбрион болған», делінген хабарламада.

Аталмыш факті Ақмола облысының Аршалы аудандық ішкі істер бөлімінде  ҚР ҚК-нің 337 бабының 1 бөлімі бойынша (заңсыз аң аулау) тіркелді.

Залал сомасы 636 300 теңге деп белгіленді. Тиісті сараптамалар өткізіліп, екі эмбрион дерегі анықталған жағдайда залал сомасы 1 272 600 теңгеге жетуі мүмкін.

 

Соңғы жаңалықтар