Ақмола облысында Біржан сал ауданы пайда болды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елбасы Жарлығымен Ақмола облысының Еңбекшілдер ауданы қайтадан Біржан сал ауданы болып аталатын болды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.

«ҚазАқпарат» ХАА оқырман назарына құжат мәтінін ұсынады.

***

Ақмола облысының Еңбекшілдер ауданын қайта атау туралы

«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Ақмола облысының Еңбекшілдер ауданы Біржан сал ауданы болып қайта аталсын.

2. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

            Қазақстан Республикасының

Президенті                                                                 Н.Назарбаев

 

Астана, Ақорда, 2017 жылғы 13 желтоқсан

                        № 605

Соңғы жаңалықтар