Ақмола облысында бірнеше əлеуметтік нысан мен тұрғын үй пайдалануға берілді

None
None
КӨКШЕТАУ. Қазақпарат - Бүгін  16 желтоқсан - Тәуелсіздік күні Ақмола облысында аймақ басшысы Мәлік Мырзалиннің қатысуымен бірнеше əлеуметтік нысан мен тұрғын үй пайдалануға берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Əкімдіктің баспасөз қызметі берген мәліметке қарағанда, бүгін таңертең Бурабай ауданының Кенесары ауылында дәрігерлік амбулатория пайдалануға беріліп, ауыл тұрғындары қуанышқа бөленді.
Ал Щучинск қаласында 210 орындық балабақша ашылды. Екі қабатты ғимаратта бүлдіршіндердің тəлім-тəрбие алуына барлық жағдай жасалынған. 6 ойын бөлмесі,6 жататын бөлме, 6 жуынатын бөлме, 1 музыка және 1 залы бар. Оған қоса, тілдер мен техникалық бөлмелерде қарастырылған.
null
Бұланды ауданының орталығы Макинск қаласында 18 отбасы қоныс тойын тойласа, Аршалы кентінде де жаңа 45 пәтерлі тұрғын  пайдалануға берілді. Қоныс иелерін аймақ басшысы құттықтап, шаңырақтарына бақыт тіледі.
Сонымер қатар, осы Астанада Ш. Құдайбердіұлы көшесінің тағы бір «AQMOL» дүкені ашылғанын да айта кету керек. 
null null 

Соңғы жаңалықтар