Ақмола облысында бидай сабанынан қағаз шығаратын зауыт салынбақ

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақмола облысында бидай сабанын өңдеп, қағаз шығаратын зауыт салу жоспарланып отыр. Бұл туралы облыс әкімі Мәлік Мырзалин Астанадағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында мәлім етті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Қытай компаниясымен бірлескен қуаттылығы жылына 500 мың тонна болатын зауыттың құрылысы келесі жылы басталады.

«Қытайдан 300 миллион долларға жуық жеке инвестиция тартылды. Сабанды өңдеу арқылы біз қағаз, картон, органикалық тыңайтқыштар, электр қуаты мен  метанды өндіретін боламыз", - деді Ақмола облысының әкімі Мәлік Мырзалин.

Сондай-ақ, 2018 жылы Макинск ауданында жылына 50 мың тонналық өнім өндіретін құс фабрикасын ашу көзделуде. Бұған қоса Астрахан ауданында жылына 5 мың тонна (ЖШС «Бавария Prodakt») етті өңдейтін зауыт пен шошқа фермасының құрылысы жоспарланған.

Соңғы жаңалықтар