Ақмола облысында балабақша кезегіне тұру жеңілдейді

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында балабақша кезегіне тұру автоматтандырылуда. Бұл туралы облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Валерий Гамазов мəлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Валерий Гамазовтың айтуынша, балабақшаларға бірыңғай электрондық кезекке тұру қанат қақты жобасы ағымдағы жылдың бірінші жарты жылдығында Степногор жəне Щучье қалаларында жүзеге жүзеге асырылмақ.

«Елбасы биылғы Жолдауында мемлекеттік қызмет көрсету үрдісін автоматтандыру туралы міндеттер жүктеген болатын. Балабақшаларға бірыңғай электронды кезекке тұру қанат қақты жобасы осының айғағы іспеттес», - деді басқарма басшысының орынбасары өңірлік коммуникациялар қызметінде «Ақмола облысындағы балабақшаларға біртұтас кезекті енгізу туралы» тақырыбымен өткен брифингте.

Автоматтандырылған жүйедегі бірыңғай базаның көмегімен ата-аналар өзінің баласы үшін қай мекенжайға тіркелгеніне қарамастан кез-келген балабақшаны таңдап, кезекке тұра алады.  Оған қоса, жоба мектепке дейінгі мекемелердің жұмыс сапасын жоғарылатуға септігін тигізеді.

Сонымен қатар, Валерий Гамазов жоба ағымдағы жылдың бірінші жарты жылдығында Степногор жəне Щучье қалаларында сəтті жүзеге асырылса, облыс орталығында қолға алынатын атап өтті.

Айта кету керек, осы күні Ақмол облысында 601 мектепке дейінгі білім беру мекемесі жұмыс істейді. Оның ішінде 228-і балабақша, 373-і шағын орталық. Жалпы, 1-6  жасқа дейінгілер арасында 37005 бала немесе  66,4 пайызы (оның ішінде 3-6 аралығындағы 31445 бала немесе 97,7 пайыз) мектепке дейінгі біліммен қамтамасыз етілген.

Сонымен қатар, өңірде жекеменшік балабақшалардың да саны артып келеді. Қазіргі кезде, облыста барлығы 96 жекеменшік балабақша тіркелген. Мектепке дейінгі біліммен қамтамасыз ету мақсатында өткен жылы пайдалануға берілген балабақшалардың есебінен 1896 балаға орын ашылды.

Соңғы жаңалықтар