Ақмола облысында ауыл шаруашылығы саласының озаттары марапатталды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында өңір басшысы Мәлік Мырзалиннің қатысуымен ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің күні аталып өтілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Көкшетау» мәдениет сарайында ұйымдастырылған шараға облыстың әр өңірінен келген 600 шаруа қатысты. Шара барысында облыстың осы уақытқа дейінгі ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп және әлеуметтік тәрізді сан алуан салаларда қол жеткен жетістіктері паш етілген көрме ұсынылды. Сондай-ақ, салтанатты түрде ауыл шаруашылығы саласының еңбек озаттары марапатталды.
null

null

null

null

Шарада аймақ басшысы ауыл шаруашылығы еңбеккерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтай келе, еңбектеріне табыс тіледі.

«Біздің ауыл еңбеккерлерінің қажырлы еңбегінің нәтижесінде дәнді дақылдардың жалпы өнімі 5,1 миллион тоннаға жетті. Оның 88 пайызы жоғары сапалы бидай.
null

Облыс агроөнеркәсіп кешені қызметкерлері өздерінің кәсіби мерекелерін лайықты көрсеткіштермен қарсы алуда. Аймақта   жыл басынан бері 155 отбасылық мал бордақылау алаңы құрылып, оларда 3 300 бас ірі қара мал семіртілуде. 5 мың басқа арналған асыл тұқымды ешкі шаруашылығында өнім өндірумен бірге оны өңдеу жұмыстары да жолға қойылған. Сондай-ақ, еттік және сүттік бағыттағы 35 ауыл шаруашылығы  кооперативі жұмыс істеуде», - деді аймақ басшысы өз сөзінде.
null

Салтанатты шара жергілікті көркем өнерпаздардың концерттік бағдарламасына ұласты.
null

Соңғы жаңалықтар