Ақмола облысында ардагерлер ұйымының 30 жылдығы аталып өтті

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында ардагерлер ұйымының 30 жылдығы аталып өтті. Аймақ басшысы Мәлік Мырзалиннің қатысуымен өткен салтанатты шара орталық алаңдағы Абылай хан ескерткішіне гүл шоқтарын қоюдан басталып, «Көкшетау» мәдениет сарайында ұйымдастырылған мәжіліске ұласты, деп хабарлайды "ҚазАқпарат" ХАА тілшісі

null

Еске сала кетейік, 1987 жылдың 21 наурызында соғыс және еңбек ардагерлері мен зейнеткерлердің мүддесін қорғау мақсатында құрылған ардагерлер ұйымына биыл 30 жыл толып отыр. Бұрынғы Көкшетау облыстық ардагерлер кеңесін алғаш болып Социалистік Еңбек Ері Николай Нижников басқарса, Целиноград облысы ардагерлеріне  Мұзафар Жұмағожин жетекшілік етіп, ұйымды құрып, негізін салды. Одан кейінгі жылдарда Иван Шендрик, Мағауия Исмағамбетова және Чапай Әбутәліпов сияқты танымал тұлғалар ұйым тізгінін қолға алып, жемісті жұмыс атқарды. Екі миллионнан астам адамды біріктіретін ұйым бүгіндері тек ардагерлердің құқықтарын қорғап қана қоймай, жас ұрпаққа отансүйгіштік тәрбие беру сияқты маңызды міндетті де абыроймен атқарып келеді.

null

Бұл туралы мəжілісте облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ғосман Төлеғұл баяндап берді.

null

Одан əрі аймақ басшысы Мәлік Мырзалин ардагерлерге арнаған құттықтау сөзінде Екінші дүниежүзілік соғыс, одан кейінгі қалпына келтіру, тың игеру сияқты ауыр кезеңдерді бастан өткерген ардагерлеріміздің еліміздің тәуелсіздігін нығайтып, экономикасын дамытуға да сүбелі үлестерін қосқандығын айта келе, олардың еңбектері ешқашан ұмытылмайтынын атап өтті.

null

Шара барысында бір топ ардагер мерейтойлық медальдармен және Алғыс хатпен марапатталды. Марапатталғандардың арасында Бурабай ауданы Кенесары ауылдық бастауыш ардагерлер ұйымының төрағасы Төлеген Алдабергенов, облыстық ардагерлер кеңесі тексеру комиссиясының жетекшісі Бексұлтан Баймұтов, облыстық ардагерлер кеңесінің хатшысы Майра Белан, Зеренді ауданы Шағалалы бастауыш ардагерлер ұйымының төрағасы Қабыкен Қоңқаев сияқты қоғамдық жұмыстарда белсенділік көрсетіп жүрген ардагерлер бар. 

nullnullnullnull

Соңғы жаңалықтар