Ақмола облысында алкогольді заңсыз айналымға шығарудың 24 фактісі тіркелді

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында жыл басынан бері алкогольдік өнімдерді заңсыз айналымға шығару бойынша 24 оқиға тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақмола облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің мәліметіне қарағанда, облыс бойынша заңсыз айналымда жүрген 890 958 шөлмек контрафактілі алкогольдік өнімдер тәркіленді.

Оның ішінде 5 литрлі ыдыстарға бөліп құйылған 52 254 литр этил спирті, 24 229 литр арақ заңсыз айналымнан алынды. Осыған байланысты 13 қылмыстық және 34 әкімшілік іс қозғалды. Заңбұзушылыққа жол берген тұлғалараға 4,9 миллион теңге көлемінде айыппұл салынды.

Жалпы, Ақмола облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері жедел іздестіру және тексеріс шаралары барысында жыл басынан бері алкогольдік өнімдерді заңсыз айналымға шығару бойынша 24 оқиғаны анықтады. Оның көпшлігі лицензия мен рұқсат құжаттарының жоқтығымен байланысты болса, тоғыз жағдайда есептік-бақылау маркасы болмай шықты.

Еске сала кетейік, Ақмола облысы аумағында алкогольдік өнімдер шығаратын «Көкшетау минералды сулары» АҚ, «Натурпродукт» ЖШС, «РАНГ-Realty» ЖШС, «Grand Royal Bottlers» ЖШС тәрізді төрт зауыт және спирт өндіретін «Айдабол спирт зауыты» АҚ мен «Биокорм» ЖШС жұмыс істейді.

Оған қоса, алкогольдік өнімдерді бөлшек және көтерме сауда арқылы сататын 2600 астам сауда нүктесі тіркелген.

Соңғы жаңалықтар