Ақмола облысында адамдарды құтқарып, өзі мерт болған азамат марапатталуы мүмкін

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана-Бурабай тасжолының бойында екі жасар баланы құтқарып қалып, өзі мерт болған азаматты Ақмола облыстық Ішкі істер департаментінің өкілдері наградаға ұсынуы мүмкін, деп хабарлайды khabar.kz.

Куәгерлердің сөздерінше, 50 жасар Құмарбек Жәкетайұлы жол бойынан жол-көлік оқиғасынан кейін бүктеліп қалған көлікті көріп, онда қалған адамдарды құтқармақ болып тұра ұмтылған. Ол апатқа ұшыраған көліктегі екі жасар бала мен аман қалған жүргізушіні шығарып алады.

Бұдан соң көліктегі өзге азаматтарды да құтқармақшы болған оны сол жерге жақындап қалған автобус басып кетеді.

«Қылмыстық істі тергеу амалдары мен болған оқиғаның мән-жайы анықталған соң өте қиын жағдайда адамдардың өмірін алып қалуға деген ұмтылсы үшін марқұм Құмарбек Жәкетайұлы наградаға ұсыну мәселесі шешілетін болады»,-деді Ақмола облыстық ІІД-нің баспасөз хатшысы Гульнара Пинчук.

 null 

Соңғы жаңалықтар