Ақмола облысында 350 гектар далалы алқап өртеніп жатыр

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақмола облысында 350 гектар жерде далалы аймақ жанып жатыр. Жалынды сөндіруге өртке қарсы жерүсті құрылымдармен бірге тікұшақтар да жұмылдырылды. Тілсіз жаумен күрес жалғасуда. Бұл туралы ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.



«20 қыркүйек күні сағат 13.50-де орман шаруашылығы қызметкерлерінен Ақмола облысының Төтенше жағдайлар департаментіне хабар түсті. Оған сәйкес, сағат 13.30-да Ақкөл ауданының Урюпинск ауылдық округіндегі «Красный бор» орман шаруашылығының аумағында құрғақ шөптің жана бастағаны, жалын қылқан жапырақты орманға ауысқаны белгілі болды.  Тілсіз жаумен күреске Астана қаласынан ҚР ІІМ ТЖК «Қазавиақұтқару» АҚ-ның КА-32 тікұшағы жөнелтілді. Ол өрт аумағын 6 рет айналып, барлығы 18 тонна су лақтырды», - деп атап өтті Р.Иманқұлов.



Ақмола облысының өрт сөндірушілері, орман шаруашылығы қызметкерлері және ерікті құрылымдардың күшімен жалынның таралуы кешкі сағат 8 шамасында тоқтатылды.

«Өрт аумағы 350 гектарды құрады, оның 80 гектары - орманды алқап, 270 гектары құрғақ шөп. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда», - деп нақтылады ресми өкіл.

Тілсіз жаумен күреске Ақмола облысының мамандандырылған өртке қарсы 10 техникасы және 100-ге жуық өзге көліктер, Астана қаласы Өртке қарсы қызметінің жеке құрамдағы 20 адамы және 3 техникасы, ТЖК «Қазавиақұтқару» АҚ-ның тікұшағы; орман шаруашылығы мен еріктілер құрамынан 50 адам және мамандандырылған 30-дан астам техника жұмылдырылды. 

Жерүсті жабындысының басым бөлігі мүктер мен қыналардан тұратын қылқанды ағаштар орманында жалын жылдам тарау үстінде. 


Соңғы жаңалықтар