Ақмола облысында 2 алтын іздеуші опат болды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақсу елді мекенінде кенішке заңсыз кірген 2 алтын іздеуші қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оқыс оқиға «Қазақалтын» тау-кен металлургиялық концерні» АҚ шахталарының бірінде орын алған.

«Өзіміздің қызметтік парызымызға байланысты кезекші диспетчердің шақыруына орай кенішке бардық. Екі адамның мәйітін алып шықтық, тағы бірі жарақат алған. Олар әзірше анықталмаған себеппен құлап кеткен. Біз олардың кім екендігін білмейміз», - деді «Қазақалтын» Тау-кен металлургиялық концерні» АҚ-ына қызмет көрсететін құтқарушылардың бірі ҚазАқпарат тілшісіне.

Оның сөзіне қарағанда, түрлі дене жарақаты алған үшінші зардап шегуші ауруханаға жеткізілген. Оқиғаның мән-жайы анықталу үстінде.

Соңғы жаңалықтар