Ақмола облысы өңірлік өнім көлемі бойынша көш басында

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысы өңiрлiк өнiм көлемi жағынан 9 айдың қорытындысы бойынша республикада көш бастап тұр. Бұл туралы Ақмола облысының әкiмi С.Кулагиннiң төрағалығымен өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының тоғыз айдағы қорытындылары шығарылған әкiмдiк отырысында облыстық экономика және бюджеттiк жоспарлау басқармасының басшысы Б.Мәлғаждаров баяндады, деп хабарлады ҚазАқпарат.

Биылғы жылдың 9 айында Ақмола облысының ауылшаруашылығы жалпы өнiмiнiң көлемi 248,4  миллиард теңгенi, нақты көлемнiң индексi - 113,1 пайызды құраған.

null  

«Бүгiнгi күнi Астана қаласының айналасындағы азық-түлiк белдеуі аясында 9,8 миллиард теңгеге 11 жоба жүзеге асырылып жатыр. Оның iшiнде жалпы сомасы 6,1 миллиард теңгеге 7 жоба жүзеге асырылды», - деп атап өттi Б. Мәлғаждаров.

Сондай-ақ, облыстың ауыл шаруашылығы құрылымдары Астана базарына апаратын ауыл шаруашылығы өнiмдерiнiң көлемiн ұлғайтуда, - дедi баяндамашы.

null
Бүгiнде облыс бойынша күзгі орақ барысында 5,7 миллион тоннаға жуық астық жиналды. Жалпы өнімділік гектарынан 13,2 центнерден айналды.
Одан өзге, жиналыс барысында жеке шаруашылықтар базасында өндiрiстiк кооперативтердi құру жұмыстарын ұйымдастыру мәселесi де көтерiліп, нақты тапсырмалар берілді.

null  

Соңғы жаңалықтар