Ақмола облысы: Өмірімен қоштасқысы келген әйел таксиде рульге жармасқан

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында таксидің ішінде отырған жолаушы әйел жүргізушімен рульге таласып, көліктің аударылуына себепші болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полицейлердің дерегі бойынша, оқиға 20 сәуір күні «Астана-Петропавл» тасжолының бойында болған. Бұл туралы Бурабай аудандық ІІБ «Киа Серато» көлігінің жүргізушісі хабарлаған.

«Әйелдің айтуынша, Астанадан Көкшетауға келе жатқан таксидің алдында отырған жолаушы әйел көліктің руліне жармасып, жүргізушіге кедергі келтірген. Осының салдарынан минивэн жол жиегіндегі орға аударылған. Сол кезде, көліктің ішінде жүргізушіден бөлек үш жолаушы болған. Абырой болғанда адам шығыны болған жоқ. Тек, 70 жастағы зейнеткер түрлі дене жарақатымен Бурабай аудандық ауруханасына жатқызылды.

Қазіргі кезде, жол апатына себепкер 24 жастағы әйел ауруханада жатыр. Ол өзінің бұл әркетін өз өмірімен қоштаспақ болғысы келгендіктен жасағандығын айтты. Писхологтар оның жағдайын тұрақты деп бағалап отыр. Сот-медициналық сараптама қорытындысы және зардап шеккен адамның денсаулығына келтірілген залалдың деңгейі анықталғаннан кейін ғана кінәлі әйелге қатысты қылмыстық немесе әкімшілік іс қозғалуы мүмкін», - деп түсіндірді ІІД баспасөз хатшысы Гүлнәр Пинчук.

Соңғы жаңалықтар