Ақмола облысы мал бордақылау бойынша республикадағы әлеуетті аймақ болып саналады - Кулагин

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысы мал бордақылау бойынша республикадағы ірі әлеуеті бар аймақ болып саналады. Бұл туралы бүгін Ақмола облысына жұмыс сапарымен келген Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевқа өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы жайында есеп берген аймақ басшысы Сергей Кулагин мәлімдеді.

Аймақ басшысының айтуынша, бүгінгі таңда облыста мал шаруашылығын өркендетуге де жете көңіл бөлініп келеді. Қазіргі таңда отыз асыл тұқымды мал өсіретін мамандандырылған шаруашылық бар. Олардың 23-і ет және сүт бағытындағы өнімділігі жоғары асыл тұқымды мал өсіреді.

«Облыс еліміздегі мал бордақылау бойынша ірі әлеуеті бар аймақ болып саналады. Қазіргі күні 31 мал бордақылау алаңында 27 мыңнан астам мал бағылуда. Өткен жылы Целиноград ауданында жылына 20 мың тонна өнім шығаратын құс фабрикасы іске қосылды. Ал, Макинск қаласында жылдық қуаты алпыс мың тонналық ет өндіретін құс фабрикасының құрылысы салынуда. Астрахан ауданында жылына 5,5 мың тонна шошқа етін өндіретін, 60 мың басқа арналған мал өсіру кешенінің құрылысы салынып жатыр», - деді Сергей Кулагин. 

Соңғы жаңалықтар