Ақмола облыстық сотында электронды технологиялардың тұсаукесері өткізілді

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат- Ақмола облыстық соты электронды сот төрелігін дамыту сұрақтары бойынша қоғам белсенділерімен кездесу барысында облыс соттары қолданатын электронды технологиялардың тұсаукесерін өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тұсаукесер рәсіміне Қазақстан халқы Ассамблеясы, саяси  партиялар, жастар ұйымдары, ҮЕҰ, БАҚ өкілдері және облыстың медиаторлары қатысты.
null  

Ақмола облыстық сотының төрағасы Нұрғазы Әбдіқанов қоғам белсенділерімен кездесу барысында «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын іске асыру аясында, маңызды жаңғыртулар өткізілгенін атап өтті. «Соттар барлық бекітілген 11 қадамды іске асырды. Бүгінгі таңда республиканың және облыс бойынша барлық сот отырысы залдары 100 пайызға аудио және бейне тіркеу жүйесімен жабдықталған. Бұл «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 20-шы қадамын іске асыруды аяқтағанын және соттардың ашықтығының артуын көрсетеді» - деді Н.Әбдіқанов.

Тұсаукесер рәсімі барысында Соттар әкімшісінің қызметкерлері соттардағы жаңа электронды технологиялардың мүмкіндіктерін ұсынып,  сот төрелігінің ашықтығы мен қолжетімділігін көрсетті. Қолданылатын технологиялар мен жобалар жөнінде қызықты және түсінікті етіп айтып берді. Кездесу экскурсия түрінде өткізіліп, қонақтарға соттарда қолданылатын жаңа ақпараттық сервистер қызметі таныстырылды. Атап айтқанда: электронды түрде өтініштерді жолдау, гибридті электронды пошта, ШПИ, СМС-хабарлама, сот отырыстарындағы аудио және бейне тіркеу, видеоконференц байланысы арқылы қашықтықтан сот отырысына қатысу, Сот кабинеті мен соттың Интернет-ресурсының қызметі, электронды мұрағаттың келешегі және тағы басқалар.
null  

Облыстық соттың төрағасы тұсаукесер рәсімін қорытындылай келе ағымдағы жылдың 10 айында электронды түрде «Сот кабинеті» арқылы облыс соттарында 19 983 құжат, оның ішінде 17 646 талап-арыз тіркелгенін атап өтті. «Әкімшілік істерді жолдау» сервисі арқылы электронды түрде 11 532 әкімшілік іс жолданып тіркелген.
null  

«Қазіргі заманғы технологияларды қолдану сот ісін жүргізуді жеңілдетеді, азаматтардың уақыты мен қаражатын үнемдейді, ашықтық пен қолжетімділікті қамтамасыз етеді. Сот жүйесі үшін бұл сот ісін жүргізуді автоматтандырады және оңтайландырады, ақпараттық технологияларды дамытып, бюджет қаражатын үнемдейді» - деді төраға.
null  

Сот төрағасы 21 қарашада Астана қаласында Тәуелсіздік Сарайында Елбасының қатысуымен республика судьяларының VII съезді өтетінін, онда соттардың дамуы бойынша нақты бағыттар анықталатынын атап өтті.

null null 

Соңғы жаңалықтар