Ақмола облыстық ІІД лауазымды тұлғалары парамен ұсталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақмола облыстық ІІД лауазымды тұлғалары ұсталды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Агенттік ҰҚК-мен бірлесіп, «Қазақалтын» ТМК АҚ кен шахтасынан заңсыз алтын өндіргендерге қол ұшын берген Ақмола облыстық ІІД лауазымды тұлғаларының қылмыстық әрекетін тоқтатты. Қылмыстық топқа Степногор ІІБ бастығының орынбасары Т.Дүйсембаев, Ақсу кенті полиция бөлімінің бастығы С.Бибатыров, Бестөбе кенті полиция бөлімінің бастығы Д. Айнагелдинов, Степногор ІІБ жедел уәкілдері А. Жекібаев пен А. Құлышев, сондай-ақ дәстүрлі емес діни ағым ұстанушылар ұсталды», - деп атап өтілген хабарламада.

Ведомствоның ақпараты бойынша, көрсетілген лауазымды тұлғалар сенімді адамдар арқылы шахтадан алтын ұрлаушылардан бірнеше рет, жүйелі негізде пара алып отырған.

«Тінту барысында 23 млн теңге, атыс қарулары, жарылғыш құралдар, ұсақталған алтындар табылды», - деп нақтылады агенттіктен.

14 наурыз күні күдіктілер ұсталып, қамалды. Тергеу жүріп жатыр. 

Соңғы жаңалықтар