Ақмола мен Канада арасында сауда айналымы 9 млн долларға жетті

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Биылғы жылдың сегіз айында Ақмола облысы мен Канада арасында сауда айналымы 9 миллион АҚШ долларын құрады. Бұл туралы Ақмола облысы әкімінің орынбасары Егор Каппель мен Казақстан Республикасындағы Канада елшілігінің хатшысы Даррен Смит кездесуінде айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Кездесуде екі жақты ынтымақтастық және экономикалық байланыстарды одан әрі дамыту мүмкіндіктері қарастырылды.

Ақмола облысы мен Канада арасында ынтымақтастық сонау 2004 жылдан бастау алады. Өткен жылдың қорытындысы бойынша екі жақты сауда айналымы 12 млн долларын құраған. Осы орайда, тауар айналымы негізінен, импорттық тауарлардың үлесіне тиесілі. Олардың ішінде ауыл шаруашылығы техникалары мен қосалқы бөлшектер, құрылыс материалдары бар. Соның ішінде импорт үлесі ағымдағы жылдың сегіз айында 9 миллион долларға жеткен.

null

Кездесу барысында екі ел арасындағы агроөнеркәсіптік сектор мен сауда-экономикалық мүмкіндіктер кеңінен сөз болды. Облыс әкімінің орынбасары өз сөзінде өңірімізде аграрлы сала жоғары қарқынмен дамып келе жатқанын атап өтті.

«Елімізде өндірілетін астықтың төрттен бірі біздің облыста алынады. Мал шаруашылығын дамыту, ет, сүт өнімдерін дайындау мен экспорттау бойынша да үлкен міндеттер жүктеліп отыр. Әсіресе, Астана қаласының айналасында азық-түлік белдеуін жасау бағытында біраз жұмыстар атқарылып жатыр. Сонымен қатар, өңірде өнеркәсіп саласы да жақсы дамып келеді. Соңғы жылдары облысымызға Канададан ауыл шаруашылығы техникасы мен ірі қара мал көптеп жеткізілді. Мұны екі жақтың сауда-саттық саласындағы жетістіктері деп білеміз», деді Егор Каппель өз сөзінде.

Сондай-ақ, канадалық мейман өз сөзінде Ақмола өңіріне келгеніне өте қуанышты екенін айта келіп, жұмыс сапарының мақсатына тоқталды.

null

«Канада Қазақстанның ауыл шаруашылығы саласындағы басты бір әріптесі болып табылады. Осы өңірде де бірқатар канадалық компаниялардың өкілдері бар. Олар екі жақты сауда-саттықты дамыта түсуде. Біздің жұмыс сапарымыздың мақсаты да осы ынтымақтастық және экономикалық байланысты одан әрі нығайту», деді бұл орайда, Даррен Смит өз сөзінде.

Кездесуді қорытындылаған Е.Каппель алдағы уақытта екі ел арасындағы қарым-қатынас тап осылай өрбитініне сенім білдірді.

null

Соңғы жаңалықтар