Ақмола диқандары биыл 4,3 млн. астам гектар алқапқа егін екпек

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат -Ақмола облысында биыл 4,3 млн. астам гектар алқапқа егін егiледi. Бұл туралы бүгiн Ақмола облысының әкiмдiгiнде өткен кезектi әкiмдiк отырысында облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Мұрат Балпан мәлiмдедi, деп хабарлайды "ҚазАқпарат" ХАА тілшісі өңір басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Дәндi және дәндi-бұршақты дақылдар 4321,1 мың гектар аумаққа егiледi. Облыс бойынша көктемгi-егiстiк жұмыстарын тиiстi агротехникалық деңгейде уақтылы əрі сапалы өткiзу үшiн барлық шаралар қолданылуда», дедi басқарма басшысы.
Баяндамашыны тыңдаған аймақ басшысы М.Мырзалин көктемгi егiс жұмыстарының қашанда қауырт кезең екендiгiн, ал оның сәттi өтуi мол астық алуға мүмкiндiк беретiнiн атап өтті.

Сондай-ақ, отырыс барысында облыстағы инвестициялық жобалардың орындалу барысы туралы облыстық кәсiпкерлiк және өнеркәсiп басқармасының басшысы Ербол Оспанов баяндады.

«Қазақстан Республикасы индустриялық-инновациялық дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы аясында Ақмола облысының индустрияландыру картасы мен кәсiпкерлiктi қолдау картасына жалпы құны 828,3 миллиард теңгенi құрайтын және 13,7 мың тұрақты жұмыс орнын құруға мүмкiндiк беретiн 111жоба енгiзiлген» - дедi Е.Оспанов.

 Облыс әкiмi өңiрлерде индустриялық-инновациялық дамытудың Мемлекеттiк бағдарламасының жаңа талаптарына сай, экспорт бағытындағы жоғары технологиялық өндiрiстерге көп көңiл бөлу қажеттiгiн айтты.
Одан өзге отырыста көктемгi әскерге шақыру науқанының мәселелерi де сөз болды. 

Соңғы жаңалықтар