Ақмола әкімдігі «ҚазАвтоЖол» ҰК-мен бiрлесiп 22 жобаны жүзеге асырмақ

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының әкімдігі мен «ҚазАвтоЖол» ҰК жол бойындағы қызмет көрсету сапасын арттыруда бірлесіп жұмыс істеуге келісті. Бұл туралы аймақ басшысы Мәлік Мырзалиннің «ҚазАвтоЖол» ҰК» басқарма басшысы Ермек Қизатовты қабылдауында айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесуде туристiк маусымға дайындық мақсатында жол бойындағы сервистi дамыту бағытында туындаған мәселелер талқыланды.

Кездесуде аймақ басшысы «ҚазАвтоЖол» ҰК» өңiрде атқарған жұмыстарына оң баға берiп, алдағы уақытта жол бойындағы қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында бiрлесiп жұмыс iстеуге дайын екенiн жеткiздi.

«Щучинск-Бурабай курорттық аймағында, облыс орталығының кiре-берiсiнде, Көкшетау-Зерендi, Көкшетау-Рузаевка бағыттарында жүргiзiп жатқан жөндеу жұмыстарына облыс тұрғындары тарапынан оңтайлы пiкiрлер түсiп жатыр. Бұл жұмыстар әрине аймақтың туристiк әлеуетiн арттыруға септiгiн тигiзетiнi сөзсiз. Ендi, жол бойындағы қызмет сапасын арттыруға ден қою қажет»,- дедi М. Мырзалин.

Өз кезегiнде, Е. Қизатов өткен жылдан бастап «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы жол бойындағы сервистiк қызмет көрсету сапасын арттыру бағытында бiршама жұмыстар жасалғанын баяндады.

Атап өтеу керек, Ақмола облысының әкiмдiгi мен «ҚазАвтоЖол» ҰК» бiрлесiп, жол бойындағы сервистi дамыту мақсатында Астана-Бурабай трассасы бойында 3 жобаны жүзеге асыруда. Тағы екi жоба Аршалы және Торғай елдi мекендерiнде iске қосылады. Яғни бұл сервистерде тәулiк бойы жұмыс iстейтiн асхана, қонақ үй, автотұрақ болады.

Кездесуде тараптар, келесi туристiк мауысым алдында Ақмола облысы аумағында 9 модульдiк павильон орналастыру туралы өзара келiсiмге келдi. Яғни бұл кешендердiң төртеуi Астана-Бурабай тас жолы бойында, екеуi Щучинск-Бурабай курорттық аумағында қойылатын болады. Қалғаны, өзге республикалық маңызы бар тас жолдар бойында орналастырылады.

null null null null 

Жалпы, облыс әкiмдiгi мен «ҚазАвтоЖол» ҰК» бiрлесiп аймақта жол бойында сервистiк қызмет көрсететiн 22 жобаны жүзеге асыруды көздеп отыр.

Соңғы жаңалықтар