Әкімшілік полиция: Жүргізушілердің көлік қозғалысын өздігімен реттеуі - қауіпті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің баспасөз хатшысы Ирина Лукьянина көлік қозғалысы қиындаған жолдарда кей жүргізушілердің қозғалысты ерікті түрде реттеуіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Көше қиылыстарында қозғалысты реттеуді өз қолына алатын азаматтарға көпшіліктің елжіреп қарауы дұрыс емес. Бұл ерікті-реттеуші үшін де, көше қиылысындағы барлық автожүргізушілер үшін де қауіпті. Дәл осындай «реттеу» салдарынан жол-көлік оқиғасы орын алса, жолдан өткен жаяу жүргіншіні көлік қағып кетсе, кім кінәлі болады, жауапкершілік кімге артылады? Бұл еш қалжың емес», - деп жазды ол Facebook желісінде.

Баспасөз хатшысы азаматтардан «ойланбай қадам жасаудан» аулақ болуды өтінді.  «Істен шыққан бағдаршам туралы 102 телефонына хабарлау керек және қиылыстан өткенде басымдыққа ие жол белгілеріне сүйенген жөн», - деп атап өтті ол.

Соңғы жаңалықтар