Әкімшілік құқық бұзушылықтарда қысқартылған іс жүргізу институты кеңейтіледі

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Әділет министрлігі әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша қысқартылған айыппұл институтын қолдану бағыттарын кеңейтуді ұсынып отыр. Бұл туралы Мәжілісте «ҚР Әікімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтыруар енгізу туралы» заң жобасын таныстыру барысында Әділет вице-министрі Зәуреш Баймолдина мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Лауызымды және заңды тұлғаларға қатысты қысқартылған іс жүргізу институтын қолдану ұсынылады, сонымен қатар осындай қадаммен автоматты режімде жұмыс істеп тұрған арнайы техникалық құралдарды да қамту ескеріліп отыр. Өздеріңіз білесіздер, бұл жаңа институт Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің жаңа редакциясында енгізілген болатын. Атап айтқанда, оның нормаларына сәйкес, жеке тұлға 7 күннің ішінде айппұлды жарты сомада төлеу мүмкіндігіне ие. Енді біз осыны қолдану бағыттарын кеңейтуді және бұл институтты жеке тұлғалардан бөлек, басқа да субъектілерге қатысты таратуды ұсынамыз», - деді Баймолдина.  

Айта кетейік, заң жобасы әкімшілік-деликтілік заңнаманы одан әрі ізгіленліруге, әкімшілік-процестік нормаларды жүйеге келтіруге, жекелеген әкімшілік-құқықтық және процестік институттарды жетілдіруге бағытталған.

Әкімшілік-деликтік заңнаманы ізгелендіру аясында әкімшілік айппұлдардың мөлшерін төмендету, алдын алу институтын қолдануды кеңейту, жазалау түрлерін оларды ізгілендіру тұрғысында қайта қарау, қысқартылған іс жүргізуді қолдану аясын кеңейту, сондай-ақ айппұл сомасы жалпы сомадан 30 пайыз шегінде қысқартылуы мүмкін субъектілер тізбесін кеңейту ұсынылады.

Соңғы жаңалықтар