Әкімдіктердің өртке қарсы дайындығы мәз емес - Қалмұханбет Қасымов

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Үкімет отырысында ҚР Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов өңірлердің өртке қарсы дайындықтарына көңілі толмайтынын жеткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Шілде және тамыз айларында өрт қауіпі артатыны белгілі. Қазгидромет мәліметтері бойынша, осы кезеңде ауа райының орташа температурасы +30ºС құрайтын болады. Ал батыс пен солтүстік облыстарда температура +43ºС жетіп, жауын-шашын аз түседі деп болжанып отыр. Сондықтан биыл жазда ормандарда өрт қауіпі өте жоғары болмақ», - деді министр Үкімет отырысында.

Оның айтуынша, табиғи өрттерге шұғыл әрекет ету мақсатында биыл барлық облыстар (Қызылорда және Маңғыстау облыстарынан басқа) «Қазақстан Ғарыш Сапары» АҚ-мен ғарыштық бақылау жүргізу бойынша жалпы сомасы 40 млн теңгеге келісім жасасқан.

Сонымен қатар, шекарааралық байланыс аясында Ресей Төтенше жағдайлар министрлігінің жасақтарымен бірлескен оқу-жаттығу өткізілді. Оның айтуынша, трансшекаралық өрттерді сөндіру жұмыстарын жүргізу үшін өрт-құтқару қызметтерін шекарадан кедергісіз өткізу тәртібі жасалуда.

Оның үстіне балаларға арналған жазғы лагерлердегі өрт қауіпсіздігіне де үлкен көңіл бөлінетін болады.

«Бақытжан Әбдірұлы, бүгінгі таңда жалпы әкімдіктердің, орман иелеренің, орман күзетінің және өзге де шаруашылық жүргізуші субъектілердің өрт қауіпі маусымына дайындығы жеткілікті деңгейде қамтамасыз етілмеген», - деді министр Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаевқа қаратып айтқан сөзінде.

Соңғы жаңалықтар