Әкімдіктер жер телімдерін беру жұмыстарын жеделдетуі қажет - Досаев

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Мемсараптама» РМК құрылыс салушылардың жобалау-сметалық құжаттары бойынша сараптаманы беру жөніндегі жұмысты қарқынды атқаруы тиіс. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Басқарма төрағасы Ерболат Досаев мәліметті.

«Құрылысты қаржыландыруға жүргізілген талдау халық үшін тұрғын үйдің қолжетімділігін жеделдету бойынша мемлекеттік органдардың, холдингтің еншілес ұйымдары  мен құрылыс салушылардың күш-жігерлерін нақты жұмылдыру қажеттілігін көрсетті, бұл ретте тиісті проблемалардың шешімі талап етіледі. 2016-2017 жылдары пайдалануға енгізілетін жалпы ауданы 233,8 мың ш.м.(3,4 мың пәтер) 40,8 млрд теңге сомасына жобалар пулы бар, олар бойынша меморандумдар жасалды. Проблеманың мәніне тоқталсақ,  құрылыс салушыларда құжаттардың толық топтамасының, көп жағдайларда сараптамасы бар жобалау-сметалық құжаттардың жоқтығына байланысты»,-деді Досаев.

Оның сөзіне қарағанда, осы ретте әкімдіктер жер учаскілерін беру жөніндегі жұмысты жеделдету қажет.«Мемсараптама» РМК құрылыс салушылардың жобалау-сметалық құжаттары бойынша сараптаманы беру жөніндегі жұмысты қарқындатуы тиіс.

«Әлеуетті серіктес-құрылыс салушылар  қажетті құжаттардың толық топтамасын ұсынғаннан кейін, инвестициялау шарттары жасалатын болады. 2017 жылы бұған дейін әзірленген жобаларды екінші рет белсенді пайдалануды ұсынамыз», - дедіол.

Айта кетейік, 2016 жылы жалға берілетін және кредиттік тұрғын үй құрылысын қаржыландыруға ҚР Ұлттық қорынан 202,5 млрд теңге бөлінді.

Оның ішінде  113 млрд теңге «Бәйтерек девелопмент» АҚ арқылы  жалға берілетін және кредиттік тұрғын үй құрылысына;  67 млрд теңге әкімдіктер арқылы кредиттік тұрғын үйді қаржыландыру үшін ЖАО-ның бағалы қағаздарын сатып алуға;  22,5 млрд теңге «Қазақстандық Ипотекалық Компания» АҚ арқылы жалға берілетін тұрғын үй құрылысына бағытталды.

Е. Досаевтың айтуынша, 2016жылы 112,1 млрд теңгені игеру жоспарлануда, қазіргі кезде бөлінген қаражаттың 74,5 млрд теңгесі немесе жоспардың 66,5%-ы игерілді. Жыл соңынадейін  құрылыс салушыларына орындалған жұмыстар актілері бойынша   37,6 млрд теңге аударылатын болады.

Соңғы жаңалықтар