Әкімдіктер халыққа берілетін жер учаскелерінің санын қалай көбейтіп отыр

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы Марxабат Жайымбетов жергілікті биліктің xалыққа таратылған жер учаскелерінің санын қалайша көбейтіп отырғанын айтып берді, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның мәліметіне сәйкес, қазіргі кезде Республика бойынша жер кезегінде тұрған азаматтардың саны 1,3 млн-ға жеткен. Былтыр ең көп жер телімі екі облыста берілген. Маңғыстау облысында - 15 мың, ал Ақтөбе облысында 11 мың жер телімі таратылды. Комитет төрағасының сөзіне қарағанда, жергілікті билік берілетін учаске көлемін кішірейту арқылы учаскелер санын көбейтіп отыр.

«Енді, бұлардың көбісі өздері (инженерлік желілерді - авт.) жер учаскелеріне тартады. Біреу «8 сотықтан беремін» дейді, біреуі «10 сотықтан беремін» дейді. Сөйтіп, кейбіреулері көбейткісі келеді. Заң бойынша 10 сотық берілуі керек. Алайда 10 сотығын алған азаматтардың өзі үйін салмайды, «пәтер аламын» дейді. Бізде сондай мәселе де бар», - деді М.Жайымбетов ҚазАқпарат тілшісіне берген сұxбатында.

Айта кетейік, Қазақстанда жыл сайын xалыққа 40 мың жер телімін тарату жоспарланып отыр. Алайда жергілікті жерде инженерлік желілерді тарту жұмысы баяу жүргізіледі. 

Соңғы жаңалықтар