Әкімдік Сарыөзекте «Айсбергтің» қайдан пайда болғанын түсіндірді

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН.ҚазАқпарат - Алматы облысындағы Сарыөзек ауылында мұзды тау пайда болды. Жергілікті тұрғындар ол жерге суретке түсіп, әлеуметтік желіге таратып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ал Кербұлақ ауданының әкімдігі тұрғындар арасында «Айсберг» атанған мұздың қайдан пайда болғанын түсіндірді.

«Ол жерде құбыр жарылып, атқылаған. Соңында осындай көрініс пайда болды. Қазір мұз еріп жатыр. Тесілген жері қайтадан жөнделеді. Бірақ құбырдың тесілуіне байланысты апатты жағдай туындаған жоқ. Тұрғындар ауыз сумен тұрақты түрде қамтылуда», -деді Кербұлақ ауданы әкімінің орынбасары Болысбай Момбаев.

Айта кету керек, Райымбек ауданында да осындай мұзды тау бар. Бірақ ол құбырдың жарылуынан емес, жерасты суының атқылауынан пайда болған.

Публикация от Жесть в Казахстане (@zhest_kz) Фев 13, 2018 в 5:54 PST

Соңғы жаңалықтар