Әкімдік ғимаратына көлікпен кірген жүргізушінің інісі: Бұл адами фактор

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе қаласының тұрғыны Бауыржан Анапин облыс әкімдігінің ғимаратына көлігімен кіріп кеткен еді. Бүгін Бауыржан Анапиннің інісі Бақытжан Анапин оқиғаның мән-жайын айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бұл адами фактор. Інім Бауыржанның отбасылық  жағдайы соңғы кездері қиындап кетті. Әйелінен ажырасып кеткен соң ішімдікке әуес бола бастады. Бұл жерде саяси, діни жағдайларға бұрмалап, болжам жасаудың қажеті жоқ. Ол кезінде салық басқармасында жұмыс істеген. Қазір ол кәсіпкерлікпен айналысады. Балалары бар. Біреуі Чехияда оқып жатыр. Ажырасу ер адамға қиынға соғады емес пе?!.»,- деді Бақытжан Анапин.

Анапиндердің бірі Ақтөбе қаласында, екіншісі Шалқар қаласында тұратын болған соң отбасылық жиындарда ғана кездеседі.

«Өзім Ақтөбе қаласына бармадым. Бірақ тергеу жүріп жатқанын білемін. Көлік өзінікі. Суретке түсіріп, «сүйінші» сұрағандай әлеуметтік желіге салып жіберген адамның ойын түсінбедім. Інім айыппұл төлеп, жазасын алады. Ал әкімдік ішінде тұрып суретке түсіріп, оны жариялаған адам ұятты ойламаған екен. Халық арасына іріткі салып, түрлі ой туғызғаны қателік болды»,- деді Бақытжан Анапин.

 

 

Соңғы жаңалықтар