Әкім қарамағындағы шенеуніктердің әдемі есебін тексермек

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - СҚО әкiм Құмар Ақсақалов қатысуымен жұмыспен қамтуды үйлестiру және әлеуметтiк бағдарламалар басқармасының кеңейтiлген алқа отырысы өттi, деп хабарлайды әкімнің сайты. 

Жиында өңiр басшысы Құмар Ақсақалов тұрақты жұмыс орындарын ашуға көп көңiл бөлудi тапсырды.

«Облыс тұрғыны бiр-екi айлық жұмысқа емес, тұрақты жұмысқа орналасу керек. Қоғамдық жұмысқа уақытша тартқан болмайды. Азаматтар жыл бойы еңбектенуi тиiс. Ауылдарға барғанда осыны тексеру үшiн үй-үйге кiремiн. Әдемi есептерiңiздi тексеремiн», - дедi Құмар Ақсақалов.

Жалпы облыста 2017 жылы 30714 адам жұмысқа тұрды, 2016 жылмен салыстырғанда 24 пайызға көп. Оның iшiнде 24788 адам тұрақты жұмыс тапты немесе 80 пайызы. Өз-өзiн қамтамасыз еткендердiң де саны қысқарды. 2017 жылдың басында олардың саны 91 мың болса, қазiр 79 мыңға түстi. Биыл кешендi жоспардың аясында 27 мың адамды жұмыспен қамту көзделген.

СҚО-да еңбекақының көлемi де артып келедi. 2017 жылдың қорытындысы бойынша орташа еңбекақы 6,5 пайызға өсiп, 103 мың теңгенi құрады.

Соңғы жаңалықтар