Әкесін өлтірген қостанайлық бойжеткен сот залынан босатылды

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Өз әкесін өлтірген қостанайлық бойжеткен сот залынан босатылды. Ол шартты түрде сотталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қостанай облысының мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сотының баспасөз қызметінде мәлім етілгендей, бастапқыда  сотталушы ҚР ҚК 99-бабы 1-тармағы (Кісі өлімі) бойынша айыпталған. Бірақ, сот шешімімен қылмыстық іс ҚР ҚК 102-бабымен (Қажетті қорғану шегін асыра пайдалану кезінде жасалған кісі өлтіру) қаралды.

Осылайша, күдікті бір жылға шартты түрде сотталды. Осы уақыт аралығында пробациялық бақылау орнатылады. Сотталушы сот залында босатылды. Айта кетейік, сот жабық режимде өтті.

Еске салсақ, қайғылы оқиға 2018 жылғы 3 қаңтарда Меңдіқара ауданында болған. 17 жастағы қыз отбасылық жанжал барысында әкесіне пышақ салған. Салдарынан әкесі оқиға орнында көз жұмды.


Фото: www.belnovosti.by

Соңғы жаңалықтар