Әкесімен сөзге келіп қалған атыраулық өзін өртеп жіберді

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Әкесімен сөзге келіп қалған 32 жастағы атыраулық өзін өртеп жіберді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиға сенбі күні кешке қала шетінде орналасқан Геолог кентінде болған.

«Алдын ала ақпаратқа қарағанда, тойдан үйңне келген ер адам әкесімен сөзге келіп қалған.  Содан кейін ашуға булыққан ер адам сыртқа шығып өзін-өзі өртеп жіберген. Ол жедел түрде облыстық ауыруханаға жеткізілді. Оның денесінің 60 пайызын күйік шалған»,- деп түсінік берді аталған оқиғаға Атырау ІІД-ның баспасөз хатшысы Назымгүл Қайсағалиева.

Соңғы жаңалықтар