Әкесі үш жасар қызын өрттен құтқарып, өзі ажал құшты

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай облысы Меңдіқара ауданында тұрғын үй өртеніп, екі адам қаза болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға Меңдіқара ауданында болған. ТЖД баспасөз қызметі жариялаған ақпаратқа сүйенсек, аудан орталығындағы жеке тұрғын үй толығымен жанып кеткен.

«Отағасы жұмыстан келе жатып, үйінің өртеніп жатқанын көреді. Дереу үйге жүгіріп кіріп, үш жасар қызды тысқа алып шығып үлгерген. Алайда, ол өзін және жұбайын тілсіз жаудан аман алып қала алмады. Өрттің шығу себебі де белгісіз. Оны анықтау үшін өртке қарсы зертхананың қызметкерлері жұмыс істеп жатыр», - делінген ТЖД баспасөз қызметінің хабарламасында.

Соңғы жаңалықтар