«Ақбидай-2017» спорт ойындары өз мәресіне жетті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Биыл алтыншы мәрте жалауы желбіреген «Ақбидай-2017» республикалық ауыл спорты ойындары өз мәресіне жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Ақбидай» бәсекесі - әр төрт жыл сайын ұйымдастырылатын басты додалардың бірі. Бұл ауыл спорты ойындарында еліміздің барлық облыстарынан келген спортшылар бақ сынады. ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығы және әр өңірдегі дене шынықтыру және спорт басқармасының басшылары ауыл спорты ойындарының ашылу салтанатында аталмыш жарыстың маңыздылығын атап өтіп, барша қатысушыларға сәттілік тіледі.

«Ақбидай-2017» спорт ойындары екі мыңға жуық қатысушының басын қосты. Спартакиада бағдарламасына спорттың 14 түрі енгізілген. Соның ішінде көкпар, аламан бәйге, аударыспақ, теңге ілу, жамбы ату, асық ойындары, тоғызқұмалақ сынды ұлттық спорт бәсекелер өтті. Осы «Ақбидай-2017» спартакиадасындағы осы ұлттық спорт жарыстарының қорытынды нәтижелері төмендегідей.

«Жамбы ату» бәсекесінің жеңімпазы мен жүлдегерлері:

1 орын - Сарыбай Айтбек (Оңтүстік Қазақстан облысы)

2 орын - Елдос Бадашев (Жамбыл облысы)

3 орын - Естай Айболат (Ақмола облысы)

«Аударыспақ» бәсекесінің жеңімпазы мен жүлдегерлері:

 (60 келі салмақта)

1 орын - Азамат Серғазин (Ақтөбе облысы)

2 орын - Нармағанбет Иманғазыұлы (Батыс Қазақстан облысы)

3 орын - Ерғали Бекбасаров (Оңтүстік Қазақстан облысы)

(70 келі салмақта)

1 орын - Ерназар Байғонов (Оңтүстік Қазақстан облысы)

2 орын - Шыңғыс Ержанов (Ақтөбе облысы)

3 орын - Дәулет Ережепбаев (Жамбыл облысы)

(80 келі салмақта)

1 орын - Есімхан Рахметіллә (Оңтүстік Қазақстан облысы)

2 орын - Арман Сағымбаев (Ақтөбе облысы)

3 орын - Нұржігіт Әмзеев (Жамбыл облысы)

(90 келі салмақта)

1 орын - Сырым Ізбасаров (Оңтүстік Қазақстан облысы)

2 орын - Жасұлан Таңқыбаев (Ақмола облысы)

3 орын - Жоламан Сүндетбаев (Маңғыстау облысы)

(90 келіден жоғары салмақта)

1 орын - Біржан Қосалиев (Оңтүстік Қазақстан облысы)

2 орын - Еркебұлан Егінбаев (Павлодар облысы)

3 орын - Біржан Дүтбаев (Шығыс Қазақстан облысы)

«Теңге ілу» бәсекесінің жеңімпазы мен жүлдегерлері:

1 орын - Ғалымжан Ізжанов (Оңтүстік Қазақстан облысы)

2 орын - Мағжан Жеңісов (Батыс Қазақстан облысы)

3 орын - Әліхан Бәшембаев (Ақтөбе облысы)

«Көкпар» бәсекесінің жеңімпазы мен жүлдегерлері:

1 орын - Оңтүстік Қазақстан облысының көкпар командасы

2 орын - Жамбыл облысының көкпар командасы

3 орын - Маңғыстау облысының көкпар командасы.

Соңғы жаңалықтар